Жұмекен Нәжімеденов-90: «Таңдамалы шығармалары» атты жаңа жинағының тұсауы кесілді

Жыр кешінде ақынның көзін көргендер сөз алып, естелік айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Мемлекеттік әнұранның авторы Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Менің елім – жыр елі!» атты поэтикалық кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әдебиет сүйер қауым жиналған бұл рухани іс-шарада қазақ сөзінің құдіретін тербеген тұлғаның «Таңдамалы шығармалары» атты жаңа жинағының тұсауы кесілді. Сондай-ақ жыр кешінде ақынның көзін көргендер сөз алып, естелік айтты.

«Оның өлеңдері басқалардай жеңіл емес. Оны оқуға үлкен әдеби сауат керек. Мен Жұмекен сияқты ақынды көзім көргеніне бақыттымын. Қадыр ағаның қазақ, дала жайлы жырлары мен Тұманбай ақынның әдемі, жастық, өмірлік лирикасмен, Жұмекеннің ойлы поэзиясымен достасып өскеніме бақыттымын!» – деді ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ақұштап Бақтыгереева.

«Біздің негізгі мақсат –Жұмекеннің шығармашылығын насихаттау, Жұмекеннің  ақын болғанын білеміз және проза жазғаны туралы көп айтыла бермейді. Соған байланысты әңгімелер байқауын ұйымдастырып отырмыз», – деді Геральдикалық зерттеулер орталығы директорының міндетін атқарушы Шерхан Талап.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы комьюнити орталықтарға жарты миллионнан астам жас келген

Новости партнеров