Қалыптасқан дәстүрді бұзған мұғалімге желідегілер әзіл аралас пікірлер қалдырып жатыр
Әлеуметтік желіде жұбайынан мәһрге түрлі түсті принтер сұраған мұғалімнің видеосы таралды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мешітте неке ұию рәсімінде имам келіншектен сыйлыққа не қалайтынын сұраған. Мұғалім жұбайынан түрлі түсті принтер алып беруін өтінді.
«Алтын күте тұрсын, принтер маңыздырақ» - деп жазба қалдырды автор.
Мұғалімге желідегілер әзіл аралас пікір жазып, қалдырды
«Неке қиып жатса да, жұмысын ойлайтын мұғалімдер-ай», «мен де қазіргі уакытта тұрмыс құрсам солай айтар ма едім, мұғалімдер-ай, неге бізді Құдай осылай жаратты екен», «мен де 10 жыл бұрын мамандығыма байланысты принтер мен ноутбук сұраған едім, есіме түсіп кетті ғой», «киім алса да, мектепке киюге болатынын ойлап тұратын мұғалімдер-ай», - деп жазды көпшілік.
Оқи отырыңыз: Мерекеде көлігіне ту ілгендерге неге айыппұл салынды