Жүрек жылуы: алматылық жастар қайырымдылық турнирін ұйымдастырды

Пікірсайысқа еліміздегі барлық қаладан келген студенттер қатысады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қайырымдылықпен айналысатын алматылық жастар көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созудан аянбайды. Сондай мейірімді топ өкілдері бүгінге дейін 10 адамға көмек көрсетіп үлгерген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жуырда олар тағы бір жанның оңалуына сеп болды. Бұл жолы студенттер жарты жылдан бері қатерлі ісік ауруымен күресіп келе жатқан Роза Төлегенова есімді тұрғынның еміне қаражат жинап берген. Жастар қайырымдылық турнирін өткізіп, науқастың екінші ем-домына 1 жарым млн теңгеге жуық қаржы жинап, табыстады.

«Менің әпкемнің диагнозын естіп, хабарласты. Біз қуанып, келістік. Рахмет, бізге қаржы өте қажет болатын», – деді Роза Төлегенованың туысы Айман Жақсыбаева

Айта кетейік, Республикалық «Жүрек жылуы» қайырымдылық турнирі жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Пікірсайысқа еліміздегі барлық қаладан келген студенттер қатысады. Олар қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, оныӊ шешу жолдарын талқылайды. Дебат клубы мүшелерінің сөзінше, білім бәйгесіне қатысуға ниет білдіруші 5-6 мың теӊге мөлшерінде жарна төлейді. Кейін жиналған қаражат жариялы түрде ұйымдастырушылармен бірлесе отырып, мұқтаж адамға табысталады.

«Бұған дейінгі 9 жылда 9 түрлі адамға көмектестік. Жыл сайын рекорд қойылады, оны жаңартып отырамыз. Алдыңғы өткен турнирінде қателеспесем, 1,5 миллион ақша жиналған», – деді пікірсайыс клубыныӊ мүшесі Сымбат Әуелбек.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында тазылардың аңшылық қарым-қабілеті сыналды

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров