Негізгі міндет — жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтардың өмірін сақтау
Жетісу облысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Негізгі міндет — құқықбұзушылықтарды тіркеумен ғана шектелмей, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтардың өмірін сақтау.
Профилактикалық іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерін анықтап, жолын кесті.
Олардың әрқайсы — адам өміріне төнген нақты қауіп. Жыл басынан бері қарсы бағытқа шығудың 23 дерегі, жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарудың 247 фактісі, тіркелмеген және шетелдік көлік құралдарын заң талаптарын бұза отырып пайдаланудың 115 дерегі, апаттық жағдай туындатудың 126 фактісі, көлікті жүргізу құқығы жоқ немесе одан айырылған тұлғаларға берудің 59 дерегі анықталды.
– Біздің міндетіміз — жол-көлік оқиғаларына жол бермеу. Әрбір анықталған дерек — алдын алынған ықтимал трагедия. Жолдағы қауіпсіздік — әрбір қатысушының тәртібінен басталады, — деп атап өтті полиция қызметкерлері.
Оқи отырыңыз: Digital Qazaqstan Battle: ұлттық стартаптар бәйгесінің жеңімпаздары анықталды