Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігі растап отыр
Түркістан облысында үш полиция қызметкеріне зорлық жасады деген айып тағылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар 18 жастағы қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Қазір іске қатысы бар тәртіп сақшылары қызметінен қуылып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігі растап отыр. Істі ведомство басшысы өз бақылауына алған.
«Бұрынғы полиция қызметкерлерінің қатысы бары туралы ақпарат толық көлемде тексеріледі және сотқа дейінгі тергеу аясында түбегейлі құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар қызметтік тексеру нәтижесімен аталған полицейлер қызметке кір келтіргені үшін теріс себептермен ішкі істер органдарынан шығарылған. Болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде», – деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Оқи отырыңыз: Жаңаөзенде 7 баланың анасы көз жұмды - күдікті күйеуі