Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды
olympic.kz
Қазақстандық Сәкен Бибосынов төрешілер шешімімен қарсыласына жол берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Токио Олимпиадасында бокстан 52 келі салмақтағы жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды. Өкінішке қарай, қазақстандық Сәкен Бибосынов төрешілер шешімімен қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Кездесудің бірінші раундында Сәкен нокдаун алып, британдық Джалал Яфаи айқын басымдықпен алға шықты.
Екінші раундта бес төрешінің үшеуі ғана Бибосыновтың басымдығын мойындаған. Шешуші үшінші раунд қорытындысы бойынша 3:2 есебімен ұлыбританиялық Джалал Яфаи жеңіске жетті.
Осылайша, Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Өкінішке қарай, қазақстандық боксшылар еншісінде алғаш рет Олимпиада алтыны жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40