Түркістанда заманауи ана мен бала орталығы бой көтеруде

09.01.2026 20:54

Медициналық мекеме 4 блоктан, 30 орындық жүктілік патологиясы және босанған аналардың денсаулығын қарайтын 50 орындық бөлімнен тұрады

Түркістан облысы әкімдігініңбаспасөз қазметі

Түркістан қаласында 80 төсек-орынға арналған заманауи перзентхананың құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров құрылыс алаңына барып, жұмыс барысын бақылады.

«Ана мен бала денсаулығы – біздің басты назарымызда. Өңірде демографиялық өсім жоғары. Сондықтан сапалы медициналық қызметтің қолжетімді болуы аса маңызды. Нысанның қасбеті Түркістан қаласының сәулеттік келбетіне сай болуы тиіс. Құрылысты сапалы аяқтап, тұрғындарға мерзімінде қолданысқа беруді тапсырамын, – деді облыс басшысы. 

Жобаның жалпы құны – 8,3 млрд теңге. 3,3 гектар аумақта орналасқан орталықта ана мен балаға қолайлы жағдай жасалмақ. Бір және екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы 17 288 шаршы метрді құрайды. Медициналық мекеме 4 блоктан, 30 орындық жүктілік патологиясы және босанған аналардың денсаулығын қарайтын 50 орындық бөлімнен тұрады. Барлық бөлмелер заманауи талаптарға сай жабдықталады.

Әлеуметтік маңызы зор нысанның құрылысы 2025 жылы басталған. Қазіргі таңда құрылыс алаңында 109 жұмысшы мен 12 арнайы техника жұмылдырылған. Перзентхананы 2026 жылдың тамыз айында пайдалануға беру көзделуде.

Оқи отырыңыз: Алматыда қоғамдық тамақтану орындары мен моншаларға сүзгі қондырғылары орнатылмақ