|
24.11.2021 | 08:05
5997

Қатты жел тұрып, көктайғақ болады: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Қатты жел тұрып, көктайғақ болады: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы фото: 02.mchs.gov.ru

«Қазгидромет» 24 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады - жауын-шашын жауады. 

Күндіз елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында төпелеп жаңбыр мен қар жауады. Тек Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашын жаумайды. 

Республиканың басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын, күшті жел болады. 

Республиканың батыс жартысында, орталығында тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы - 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Қарағанды облысының солтүстік-батысында күндіз - көктайғақ, бұрқасын. Желдің жылдамдығы - 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. 

Ақмола облысының оңтүстігінде - көктайғақ, күндіз - бұрқасын соғады. Жел қарқыны - 15-20 м/с. 

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде - көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с шамасында болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. 

Атырау, Маңғыстау облыстарының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі, күндіз Атырау облысының солтүстік-батысында желдің күші 15-20 м/с жетеді. 

Күндіз Ақтөбе облысының шығысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел қарқыны - 15-20 м/с. 

Қостанай облысының оңтүстігінде - тұман, көктайғақ, облыстың шығысында - жаяу бұрқасын. Күндіз облыстың оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жел екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, орталығында жаяу бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады. 

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі. 

Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі, жел 15-20 м/с жетеді. 

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жел қарқыны - 15-20 м/с. 

Алматы облысының Алакөл ауданында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир