«Қазгидромет» 2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Республикамыздың батыс бөлігінде күн райы жауын-шашынды болып, қар жауады. Кей өңірлерде жел күшейеді.
Жамбыл облысының тау аудандарында тұман түсіп, жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді.
Павлодар облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында көктайғаө болып, бұрқасын жел соғады. Қарағанды облысының батысында жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді. Күндіз көктайғақ болып, тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстіік-батысында және оңтүстік-шығысында көктайғақ болып, бұрқасын жел соғады. Жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында тұман түсуі ықтимал. Түнде облыстың батысы мен орталдығында жел күші секундына 15-20 метрге күшейеді.
Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында көктайғақ болып тұман түсуі мүмкін. Бұрқасын жел соғып, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қызылорда облысының орталығында тұман түсіп, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тқман түсіп, көктайғақ болады. Атырау облысының солтүстігінде, орталығында жел секундына 15-20 метрге күшейеді.
Ақтөбе облысының солтүстік өңірінде көктайғақ болуы ықтимал.