9 ақпанда сағат 21:00 шамасында Алматы қаласында қар жауа бастады, ол 10 ақпанда таңғы сағат 04:30-да аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі. Сағат 06:00-дегі жағдай бойынша 2380 тонна пайдаланылды.
Түнгі сағат 1-ден кейін қарды сыпыру жұмыстары жүргізілді.
Қалада 15 см қар жауды, таулы жерлерде 20 см.
Түнгі сағат 3-тен бастап жол полициясының патрульдік машиналарының ілесіп жүруімен қарды күреу бойынша 19 баған ұйымдастырылды.
Қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Таңғы 6-да 390 м3 шығарылды.
Тротуарларды, жалпыға ортақ қоғамдық орындарды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті өткелдерін тазалау жұмыстары жалғасуда. Түнгі уақытта 462 арнайы техника мен 339 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Таңғы сағат 8-ден бастап 524 бірлік және 1115 жол жұмысшысы санында техника шығару жоспарлануда.
Аудан әкімдіктерінде қар тазалау жұмыстарының жүргізілуін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша 10 ақпанда күндіз ауа температурасы -1...-3 градус аяз болады, жауын-шашын болмайды, кешке қарай аз көлемде қар жаууы мүмкін.