|
08.08.2023 | 08:34
2615

Қазақстанның үш өңірінде құрғақшылық болады

Қазақстанның басым аймағында ылғалдану жағдайы көбінесе нормаға жуық болады деген болжам бар

Қазақстанның үш өңірінде құрғақшылық болады stylishbag.ru

Қазгидромет тамыздың құрғақшылық болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нақтыланған болжамға сәйкес, тамызда Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында, Қызылорда облысының Қармақшы ауданында қатты құрғақшылық болады.

Ал Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында, Қызылорда облысының Шиелі ауданында және Қызылорда қаласында, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында, Жамбыл облысының Қордай, Жуалы аудандарында және Тараз қаласының маңайында, Түркістан облысының Жетісай, Қазығұрт, Арыс, Отырар, Түркістан, Созақ және Сарыағаш аудандарында, Қостанай облысының Арқалық және Қарағанды қалаларының маңайларында бірқалыпты құрғақшылық болуы мүмкін.

Қазақстанның басым аймағында ылғалдану жағдайы көбінесе нормаға жуық болады деген болжам бар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир