|
16.10.2023 | 08:43
4463

Жел, тұман: бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл болады

Жел, тұман: бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды wallpaper.mob.org

Синоптиктер дүйсенбі, 16 қарашада бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақмола облысының батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының орталығында, оңтүстігінде тұман.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с-ке жетеді.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Павлодар облысының шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың шығысында күндіз күші 15-20 м/с-ке жетеді, түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Оқи отырыңыз: Бүгін еліміздің 4 өңірінде үсік жүреді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир