Тұман, аяз: 5 қантарға арналған ауа райы болжамы

kubantv.ru
kubantv.ru
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» РМК-сы қаңтардың 5-і күнгі ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстан территориясында ауа райы өзгермейді, яғни бүгін Солтүстік антициклон жотасының ықпалынан еліміздің басым бөлігінде аяз болады, жауын-шашын болмайды. 

Тек республиканың солтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарның кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетеді. 

Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты аяз болады, Алматы облысының солтүстігінде өте қатты аяз сақталады.