Астанада мектеп оқушылары мен колледж студенттері ауа райына байланысты қашықтан оқиды

17.04.2023 в 13:51

Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасы хабарлады

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты елорданың бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен 1-2 курс студенттері қашықтан оқиды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасы хабарлады.

«2023 жылғы 17 сәуір күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары үшін және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін қашықтан оқыту форматына суыстырылады», – делінген хабарламада.

Осыған дейін «Қазгидромет» 17 сәуірге дейін күннің бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

15 сәуірден бері елордада оқтын-оқтын қарлы боран соғып тұр. Коммуналдық техникалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Оқи отырыңыз: Жаңбыр, қар, боран: Қазақстанның көптеген аймағында дауылды ескерту жарияланды