|
01.06.2023 | 08:55
7097

Маусымда қандай ауа райы күтіледі

41 градусқа дейін ыстық болады

Маусымда қандай ауа райы күтіледі   kazlenta.kz

Маусым айының бірінші онкүндігінде Қазақстан территориясының басым аумағында ыстық ауа райы болжанады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ауа температурасы жоғарылайды:

еліміздің оңтүстігінде түнде +20+27°С-қа дейін, күндіз +35+44°С-қа дейін;

республиканың солтүстігі мен орталығында түнде +17+25°С-қа дейін, күндіз +33+41°С-қа дейін;

еліміздің оңтүстік-шығысында түнде +8+16°С-тан +20+25°С-қа дейін, күндіз +24+31°С-тан +34+39°С-қа дейін,

республиканың шығысында түнде +2+10°С-тан +15+23°С-қа дейін, күндіз +21+28°С-тан +33+38°С-қа дейін.

Осындай ауа температурасының жоғарғы фоны Иран мен Орта Азия аудандарынан келген тұрақты ауа массасының шығарлуымен байланысты болады. Тек еліміздің батысында циклондардың әсерінен найзағаймен бірге өткінші жаңбыр және ауа температурасының түнде +18+25°С-тан +13+20°С-қа дейін, күндіз +30+38°С-тан +25+33°С-қа дейін төмендеуі күтіледі.

Бірінші онкүндіктің соңында циклонның әсері тек батыс аумақтарға ғана емес, біртіндеп төменгі қысым аймағы еліміздің барлық территориясын қамтиды. Фронт бөліктерінің өтуімен республиканың басым аумағында найзағаймен бірге өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ пен шаңды дауылдың болуы да мүмкін. Сонымен қоса қысқамерзімге ыстықтың төмендеуі болжанады.

Маусым айының екінші және үшінші онкүндігінде ыстық күндер өткінші жаңбыр, екпінді жел, найзағай, бұршақ және шаңды дауылмен бірге салқын ауа райымен ауысып отырады.

Ауа температурасының ауытқуы күтіледі:

еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында түнде +10+20°С-тан +16+26°С-қа дейін, күндіз +21+31°С-тан +31+40°С-қа дейін;

республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында түнде +5+15°С-тан +11+21°С-қа дейін, күндіз +16+26°С-тан +26+36°С-қа дейін;

еліміздің оңтүстігінде түнде +13+23°С-тан +18+28°С-қа дейін, күндіз +25+35°С-тан +32+42°С-қа дейін.

Маусым айында орташа айлық ауа температурасы еліміздің басым аумағында нормадан 1-2° жоғары, Шығыс Қазақстан облысында, Абай және Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Павлодар облысының солтүстік-шығыс жартысында, Алматы облысының оңтүстік-шығысында - норма шамасында күтіледі. Жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде нормадан аз, республиканың солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстіктің таулы аудандарында - норма шамасында күтіледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир