Бірнеше өңірде ауа райына байланысты сабақ тоқтатылды

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Қатты желдің салдарынан бірқатар мектепте сабақ онлайн форматқа көшірілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дүйсенбі, 6 наурызда ауа райының нашарлауына (жаңбыр, көктайғақ) байланысты Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысындағы мектептерде сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Өскемен қаласы, Глубоковский ауданында 0-9 сынып аралығындағы бірінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшті. Сондай-ақ, Күршім ауданы Күршім ауылында 0 сыныптан 11 сыныпқа дейін бірінші және екінші ауысымдағы оқушылар, Риддер қаласында 0-6 сынып аралығында бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқуға көшті.

Абай облысында Семей, Курчатов, Бесқарағай, Бородулиха, Аягөз, Жарма аудандарындағы бірінші және екінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшірілді. Сондай-ақ Семей қаласындағы колледждердің бірінші және екінші курс студенттерінің де сабақтары ауысты.

Қостанай облысында қатты желдің салдарынан бірқатар мектепте сабақ онлайн форматқа көшірілді. Денисовский, Қарабалық және Меңдіқара аудандарында бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды.

Новости партнеров