|
02.03.2022 | 09:17
756

Елімізде ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

2-3 наурызда өңірдің солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін

Елімізде ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды egemen.kz

«Қазгидромет» синоптиктері 2 наурызда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Қостанай облысының оңтүстігі мен солтүстігінде тұман түседі. Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында тұман, көктайғақ болады.

Ақмола облысында кей уақыттары тұман байқалады. Қызылорда облысының орталығында және оңтүстігінде тұман түседі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Өңірдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 2-3 наурызда өңірдің солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, түнде және таңертең тұман болжанады. 2-4 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с-ке артады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир