|
02.03.2022 | 09:54
5152

Теннис: Заңғар Нұрланұлы Еуропа чемпиондар кестесінде қайта көш бастады

Ол аталмыш рейтингте 445 ұпай жинаған

Теннис: Заңғар Нұрланұлы Еуропа чемпиондар кестесінде қайта көш бастады пресс-служба ФТК

Tennis Europe (TE) ұйымы биыл күзде 14 жасқа дейінгілер арасында Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирінің (чемпиондық кесте) жаңартылған рейтингісін жария етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Заңғар Нұрланұлы аталмыш рейтингте 445 ұпаймен қайта көш бастады. 

Заңғар бұған өткен аптада Парижде Tennis Europe сериясы бойынша ұйымдастырылған жарыста жеңімпаз атануы нәтижесінде қол жеткізді. Турнир барысында жас қазақстандық теннисші Аустрия, Ресей және Франция елдерінің бірінші ракеткаларын қапы қалдырған болатын. 

Tennis Europe ұйымының 14 жасқа дейінгілер арасындағы жалпы рейтингісінде Заңғар Нұрланұлы бесінші орынға жайғасты. 

Junior Masters – ірі халықаралық дода. Оған Еуропаның 14 және 16 жасқа дейінгі ең үздік теннисшілері қатысады. 

Кезінде мұнда Рафаэль Надаль, Ким Клейстерс, Александр Зверев, Белинда Бенчич сынды мықты ойыншылар чемпион атанды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Заңғар Нұрланұлының Франциядағы турнирдің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир