|
15.09.2020 | 09:19
924

Синоптиктер 8 өңірде ескерту жариялады

Найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі

Синоптиктер 8 өңірде ескерту жариялады inform.kz

«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап айтқанда, 15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні 15-20 м/с күшейеді. 

15 қыркүйекте Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с артады. 

15 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, 25 м/с жетуі ықтимал. 

15 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20, 23 м/с артады. 

Таңертең және күндіз 15 қыркүйекте, тәулік бойы 16-17 қыркүйекте Жамбыл облысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Кей жерлерде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с артады. 16-17 қыркүйекте екпіні 25 м/с күшейеді. 

15 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады. 

15-16 қыркүйекте Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, 23 м/с артады. 

15 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болжанады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20, 25 м/с күшейеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир