Қостанай облысының тұрғындары «Солтүстік шұғыласына» куә болды
Instagram/@ilovekostanay
Мұндай ерекше құбылысқа күн сәулесінің белсенділігінің жоғары болуы мен магниттік дауыл себеп болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанай облысы тұрғындары еліміздің солтүстік өңіріндегі ерекше құбылысты суретке түсіріп алған. Түнгі аспандағы таңғажайып шұғыла түсірілген кадр әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқырмандар облыстың түрлі аймақтарынан түсірілген суреттерді бөлісіп жатыр. «Солтүстік шұғыласын» Лисаковск, Қостанай, Әулиекөл, Сарыкөл, Ұзынкөл, Жітіқара, Федоровск пен Меңдіғара ауданының тұрғындары тамашалаған. Ол жақта аспан қызыл-жасыл түске боялды.
Мұндай ерекше құбылысқа күн сәулесінің белсенділігінің жоғары болуы мен магниттік дауыл себеп болған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13