|
09.07.2020 | 09:27
3019

9 шілдеде ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық болады

Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі, оңтүсті -шығыста бұршақ жаууы ықтимал

9 шілдеде ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық болады Иллюстративное фото из открытых источников

Синоптиктер 9 шілде күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ауа ағынының әсерінен 9 шілдеде Қазақстанның шығысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, ал ел аумағының қалған бөлігінде – жауын-шашынсыз. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі, оңтүсті -шығыста бұршақ жаууы ықтимал. 

Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрып, Жамбыл облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Түнде Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Павлодар облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының күндіз оңтүстігінде, Маңғыстау облысында, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының оңтүстігінде күндіз аптап ыстық күтіледі. 

Қызылорда, Атырау облысының басым бөлігінде, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде Алматы, Қарағанды, облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир