Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде жауын-шашын болады

Хабар 24
Хабар 24
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін, 25 ақпан күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Бірқатар өңірде жауын болады, тек солтүстік, шығыс және оңтүстік шығыс аймақтарда дүйсенбі жауын-шашынсыз өтеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел болжанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Ақмола, Қарағанды облыстарында жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей бөліктерінде тұман, көктайғақ болжанады. Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының Жармин ауданында, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында тұман күтіледі, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с артады.

Новости партнеров