|
11.11.2023 | 09:37
11879

Алматыда қар жауады деп күтіледі

Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы ескерту жасайды

Алматыда қар жауады деп күтіледі Иллюстрациялық сурет: elements.envato.com

«Қазгидромет» РМК болжауынша 2023 жылдың 12 қараша мен 15 қараша аралығында Алматы қаласында жабысқақ қар жауады. Түнде ауа температурасы –4 градусқа дейін төмендеп, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Осыған орай, көлік иелеріне жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстыру ұсынылады. Жолға мұз қатуы мүмкін, жүргізушілерді өте мұқият болуға, арақашықтықты, бүйірлік аралықты сақтауға, қолайсыз ауа-райын ескеріп, жылдамдықты асырмауға, шұғыл бұрылмауға және тежегішті бірден баспауға, жол белгілерін қатаң сақтауға шақырамыз.

Жаяу жүргіншілер жолда абайлап жүріп, мүмкіндігінше сақ болуы керек, жүргізуші сізді көріп, өткізіп жібергеніне көз жеткізіп, көлік құралы жауын-шашын кезінде, әсіресе көктайғақта бірден тоқтай алмайтынын есте сақтау қажет.

Коммуналдық қызметтердің көктайғаққа қарсы жедел және сапалы жұмыс жүргізуі үшін көлік иелерінен мүмкіндігінше қалада қозғалысты шектей тұруын, машинаны жолдың жиегіне қоймауын сұраймыз.

Көктайғаққа қарсы жұмысқа 10 мердігер ұйым, 818 бірлік техника және 1 240 жұмысшы жұмылдырылды.

Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.

Оқи отырыңыз: Биыл қыста ауа райы қандай болады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир