Жел, тұман: бірнеше өңірде қолайсыз ауа райы болады

Фото: Victor Glutsenko
Фото: Victor Glutsenko

11 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысы

11 қарашада түнде және таңертең Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі.

Алматы облысы

11 қарашада түнде Алматы облысының оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Қостанай облысы

11 қарашада түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

11 қарашада Қызылорда облысында оңтүстіктен соққан жел батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

11 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысының облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Петропавл қ.: 11 қарашада тұман күтіледі.

Павлодар облысы

11 қарашада түнде Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі

Ақмола облысы

11 қарашада түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

11 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 11 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 18 м/с.

Ақтөбе облысы

11 қарашада Ақтөбе облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысы

11 қарашада күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 18 м/с күтіледі.

Жетісу облысы

11 қарашада түнде және таңертен Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Талдықорған қ.: 11 қарашада түнде тұман күтіледі.

Абай облысы

11 қарашада түнде Абай облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

11 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с.

Астана

Астана қ.: 11 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы облысы

2023 жылдың 10-11 қараша аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2500 метр биіктігінен жоғары) қатты жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Жамбыл облысы

12 қарашада түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 10-12 қарашада облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. 11-12 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 11 қарашада күндіз, 12 қарашада тәулік бойы екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 10-12 қарашада тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 11-12 қарашада күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Оқи отырыңыз: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы болады

Новости партнеров