Жел, боран, көктайғақ: Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 18 желтоқсандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы, солтүстігінде Солтүстік-батыс циклоны ықпалымен жаңбыр мен қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Республиканың қалған аумағында антициклон әсерімен жауын-шашын жаумайды. Елдің кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады. 

Ақмола облысының солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі, түнде облыстың шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысы, оңтүстігі, солтүстігінде жаяу бұрқасын көтеріледі, тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Павлодар облысының солтүстігі, батысында тұман түседі, көктайғақ болады, түнде облыстың оңтүстігінде желдің күші - 15-20 м/с шамасында. 

Қостанай облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Шығыс Қазақстан облысының батысында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, желмен бірге жаяу бұрқасын соғады. 

Атырау облысының батысында, күндіз басым бөлігінде - көктайғақ, облыстың батысы, солтүстігі мен орталығында тұман түседі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі, солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысы, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, Батыс Қазақстан облысында – жаяу бұрқасын көтеріледі. 

Қызылорда облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, түнде Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында жел қарқыны - 15-20 м/с. 

Алматы облысының Алакөл ауданында жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді.


Новости партнеров