Еліміздің үш өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Еліміздің үш өңірінде дабылды ескерту жарияланды
Бүгін Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында қатты дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елдің батыс бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.


Күндіз Атырау облысында қатты жауын болып, дауыл соғады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Маңғыстау облысында күн күркіреп, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне көшеді. Екпіні – 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында бұршақ жауады. Күндіз солтүстік-батыстан соққан жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Бүгін Нұр-Сұлтанда күндіз ауа температурасы 19-20 градус шамасында, түнде – 9-14 градус болады.

Шымкентте ыстық сақталады. Күндіз ауа температурасы 30-33, түнде 19-24 градус жылы болады. Жауын-шашынсыз.

Алматыда да күн ашық. Күндіз 30-32 градус ыстық, түнде 20-26 градус жылы.

Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Маңғыстау және Қызылорда облыстарында шаңды дауыл, Батыс Қазақстанда бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Атырау облысында дауыл болып, жел күшейеді (15-20 м/с). Алматы облысында Жалаңашкөл аумағында желдің екпіні – 15-20 м/с. Қарағанды облысы мен күндіз және түнде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман болады.

Күндіз Алматы облысында аптап ыстық күтіліп отыр.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігі және Батыс Қазақстанда өрт қаупі жоғары.


Новости партнеров