|
24.07.2022 | 10:30
6520

Жаңбыр жауып, жел тұрады: 24 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның тек оңтүстігінде және орталығында ғана күн жауын-шашынсыз болады

Жаңбыр жауып, жел тұрады: 24 шілдеге арналған ауа райы болжамы elements.envato.com

Қазгидромет 24 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, 24 шілде күні еліміздің басым бөлігінде фронталды бөліктердің әсерінен ҚР батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады, оңтүстік-батысында найзағай онйап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, елдің батысында, шығысында бұршақ жауып, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Қазақстанның тек оңтүстігінде және орталығында ғана күн жауын-шашынсыз болады.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Атырау облыстарының оңтүстігінде, Ұлытаудың оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Абай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Күндіз Алматы облысының басым бөлігінде, Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, Түркістан облысының батысында және шөлді аудандарында, Жетісу облыстарының шығысында өте қатты ыстық болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир