Жел күшейіп, бұршақ жауады
Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты 1 шілдеге бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Baq.kz Қазгидромет-ке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Ақтөбе облысында найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай болжанады. Түнде және таңертең тұман болады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с артады.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай, тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде оның күші 15-20 м/с артады.