|
20.04.2023 | 15:28
4293

Елімізде ауа райы қалай өзгереді

20 сәуірде дауылды ескерту жарияланды

Елімізде ауа райы қалай өзгереді img3.goodfon.com

Қазақстанның бірқатар аймақтарында 20 сәуірде тұрақсыз ауа райы сақталады, шаңды дауыл, көктайғақ, тұман, үсік жүруі мүмкін, синоптиктер дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қызылорда облысы

20 сәуірде күндіз Қызылорда облысының орталығында, батысында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады. 

Қызылорда қ.: 20 сәуірде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысы

20 сәуірде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Жетісу облысы

20 сәуірде Жетісу облысының Алакөль көлдерінің аудандарында кей уақытта екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың басым бөлігінде 2-7 градус үсік сақталады. Талдықорған к.: 20 сәуірде түнде 3-5 градус үсік сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

20 сәуірде Батыс Қазақстан облысынының батысында, оңтүстігінде жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысы

20 сәуірде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 

Ақтау қ.: 20 сәуірде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысы

20 сәуірде түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Атырау облысы

20 сәуірде күндіз Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Атырау қ.: 20 сәуірде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Қарағанды облысы

20 сәуірде түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. 

Қарағанды қ.: 20 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысы

20 сәуірде түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Астана

Астана қ.: 20 сәуірде кей уақыттарда тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысы

20-22 сәуірде Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Жамбыл облысы

19-20 сәуірде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 19 сәуірде түнде облыстың басым бөлігінде 1-6 градус үсік, 20 сәуірде облыстың таулы аудандарында 1-3 градус үсік сақталады. 

Тараз қ.: 19-20 сәуірде күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі. 19 сәуірде түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Алматы облысы

2023 жылдың 18-21 сәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жауын-шашын түсуінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир