|
11.04.2019 | 09:56
1969

Күн жылынады: синоптиктер үш күнге болжам жасады

«Қазгидромет» 2019 жылдың 11-13 сәуіріне ауа райы болжамын ұсынды

Күн жылынады: синоптиктер үш күнге болжам жасады

«Қазгидромет» 2019 жылдың 11-13 сәуіріне ауа райы болжамын ұсынды.

Осы үш күнде Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады, деп болжайды «Қазгидромет» метеоқызметі.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың ықпалымен кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ресейдің еуропалық бөлігінен батыс өңірлерге атмосфералық фронттар келіп, 12 сәуірде кей жерде жаңбыр жауады.

Ал Қазақстанның қалған аймақтары бірнеше күн жауын-шашынсыз жылы ауа райын сақтап тұрған антициклонның ықпалында болады. 11-13 сәуірде ауа температурасы орташа 3-6 градус жоғары болады.

Айта кетсек, Қызылорда облысының кей жерінде найзағай ойнап, күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

Сонымен қатар, бүгін күндіз Түркістан облысының кей жерінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Шымкент қаласында күндіз оқтын-оқтын найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

Дереккөз: sputniknews.kz

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир