Сейсмология институтында Алматыға қатысты жер сілкінісіне болжам жасады

insurancejournal.com
insurancejournal.com
Институт директорының айтуынша, алдағы аптада шамамен 3-3,5 балды құрайтын жер дүмпуі болуы ықтимал
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2023 жылдың 10 наурыз күні Сейсмология институтында сейсмикалық болжау комиссиясының кезектен тыс отырысының қорытындысына арналған БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі seismology.kz сайтына сілтеме жасап.

Брифингте Сейсмология институтының директоры Дәулет Сәрсенбаев Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары аумағында алдағы аптадағы жер сілкінісіне қатысты болжау комиссиясының қорытындысын мәлімдеді. 

«Алматы полигоны аумағындағы жер сілкінісінің орташа мерзімді болжамы бойынша қорытындысы әзірленді. Осы қорытындыға сәйкес, 2023 жыл ішінде Алматы полигоны аумағында 0,7 ықтималдығымен магнитудасы 5,6, яғни жеті балдық жер сілкінісі күтілмейді. Алдағы аптада шамамен 3-3,5 балды құрайтын жер дүмпуі болуы ықтимал. Бұл біздің аймаққа тән қалыпты сейсмологиялық фондық режим», – деді Дәулет Сәрсенбаев.

Қазіргі уақытта Алматы болжау полигонының аумағында (Алматы қ., Алматы және Жетісу облыстары) 47 станция жұмыс істейді. Институт базасында тұрақты болжау комиссиясы жұмыс істейді, оның құрамына төрт ғылыми зертхананың қызметкерлері мен Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияның (СТӘЭ) қызметкерлері кіреді. Режимдік бақылаудың кешенді станциялары желісінен күн сайын алынатын сейсмологиялық, геофизикалық, гидрогеодинамикалық, геохимиялық және басқа да деректерге (200 параметрге дейін) тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Оқи отырыңыз: Тәжікстанда магнитудасы 5,7 жер сілкінісі тіркелді

Новости партнеров