Тұман түсіп, көктайғақ болады: 19 наурызға арналған ауа райы болжамы

24.kz
24.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, 19 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігі антициклон жырасының ықпалында болады. Онымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің шығысында жауын-шашын болжанады, оңтүстік бөлігінде көбіне жаңбыр түрінде жауады. Жалпы, республика аумағында тұман, оңтүстік-шығыста желдің күшеюі, көктайғақ байқалады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында және таулы аумақтарында тұман, көктайғақ күтіледі. Таулы аудандарда желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының солтүстік және таулы аумақтарында тұман болжанады. Солтүстік-шығыста желдің күші 15-20 м/с артады.

Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысында түнде және таңертең тұман байқалады.

Новости партнеров