Найзағай, бұршақ және тұман: 23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

23.09.2023 15:15

Кейбір өңірлерде өрт қаупі сақталады

Фото: s-zametki.ru

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қарағанды облысы

23 қыркүйекте Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 18 м/с күтіледі. 23 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 23 қыркүйекте түнде және таңертең тұман, күндіз найзағай күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

23 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Петропавл қ.: 23 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Астана

23 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысы

23 қыркүйекте Ұлытау облысының оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысы

23 қыркүйекте түнде Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 23 қыркүйекте түнде найзағай күтіледі.

Абай облысы

23 қыркүйекте Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Семей қ: 23 қыркүйекте оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

23 қыркүйекте күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзайғай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскемен қ: 23 қыркүйекте оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысы

23 қыркүйекте түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Жетісу облысы

23 қыркүйекте күндіз Жетісу облысының шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с.

Павлодар облысы

23 қыркүйекте Павлодар облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік- батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 23 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысы

23 қыркүйекте күндіз Қостанай облысының шығысында найзағай күтіледі.Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Қостанай қ: 23 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысы

23 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысы

22-24 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 22-24 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысы

21 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, 22 қыркүйекте түнде шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 21-22 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ , 23 қыркүйекте таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 21-23 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 21 қыркүйекте күндіз, 22 қыркүйекте түнде найзағай, бұршақ күтіледі. 21-22 қыркүйекте оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 21-23 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 18-24 қыркүйек аралығындағы ауа райы болжамы