|
20.08.2023 | 10:20
6998

Аптап ыстық, нөсер, найзағай: 20 тамыз елімізде ауа райы тұрақсыз болады

Республика бойынша екпінді жел болжанады

Аптап ыстық, нөсер, найзағай: 20 тамыз елімізде ауа райы тұрақсыз болады Фото ашық дереккөзден

Бүгін, яғни 20 тамызда жоғары қысым алқабының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн райы негізінен жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Елдің солтүстігінде, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында, таулы аймақтарында фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады: найзағаймен қоса өткінші жаңбыр жауады, бұршақ түсуі ықтимал. Республика бойынша екпінді жел болжанады.

Атап айтқанда, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының батысы мен оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 35-39°с дейін қатты ыстық болады.

Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Қостанайдың оңтүстігінде, Алматының солтүстігінде, Түркістан облысы мен Батыс Қазақстан облысының орталығында өрт тұтанудың аса жоғары қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау облысында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Жетісу облысының батысында өрт шығу қаупі жоғары болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир