Жел, тұман: бірнеше өңірде қолайсыз ауа райы болады

Фото: Victor Glutsenko
Фото: Victor Glutsenko

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлытау облысы

Күндіз 04 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жезқазған қ.: күндіз 04 қарашада тұман күтіледі.

Қарағанды облысы

Күндіз 04 қарашада Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қарағанды қ.: күндіз 04 қарашада тұман күтіледі.

Ұлытау облысы

Түнде және таңертең 04 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жезқазған қ.: түнде және таңертең 04 қарашада тұман күтіледі.

Астана

Астана қ.: 04 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.

Қарағанды облысы

Түнде және таңертең 04 қарашада Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қарағанды қ.: түнде және таңертең 04 қарашада тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

04 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 04 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысы

04 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Ақмола облысы

04 қарашада Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 04 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысы

04 қарашада түнде және таңертен Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Қостанай облысы

04 қарашада Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

04 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 04 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысы

04 қарашада Манғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Ақтау қ.: 04 қарашада түнде және таңертең тұман

Жамбыл облысы

04-06 қарашада Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 04-06 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Тараз қ.: 04-06 қарашада тұман күтіледі.

Оқи отырыңыз:Алматыда 6 -12 қарашаға арналған ауа райы болжамы

 

Новости партнеров