|
07.03.2019 | 10:43
1460

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

   Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді Деловой Казахстан

Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз, жауын-шашынды болады. Солтүстікте көбінесе қар түрінде жауады. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы күшеюі мүмкін, деп хабарлайды baq.kz.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28, кейде 30 м/с және одан аса күтіледі, Ақмола облысының кей жерінде тұман болады.

Павлодар облысының кей жерінде көктайғақ, тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с, екпіні 23-28, кей уақытта 30 м/с және одан аса күтіледі.

Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман түседі, күндіз Жамбыл облысында, түнде Ақтөбе облысында  жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман болады. 

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерінде тұман, Қарағанды, Батыс Қазақстан  облыстарының кей жерінде көктайғақ күтіледі.

 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир