|
17.11.2019 | 10:52
6949

Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, жел тұрады

Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түсіп, солтүстікте көктайғақ болады

Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, жел тұрады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігіне антициклон ықпал етіп, күн ашық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Еліміздің солтүстік батысында, солтүстігі мен шығысында ғана қар жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түсіп, солтүстікте көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аумақтарында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз елдің басым бөлігінде жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жаяу бұрқасын болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысында да жаяу бұрқасын соғып, тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, таң ата және түнде Ақтөбе облысының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, Жамбыл, Қызылорда, облыстарына түнде және таң ата жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.

Түркістан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир