|
07.01.2024 | 10:58
6349

Бұрқасын, көктайғақ және тұман: 7 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты қар күтіледі

Бұрқасын, көктайғақ және тұман: 7 қаңтарға арналған ауа райы болжамы elements.envato.com

Ақмола облысы

07 қаңтарда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман сақталады.

Қарағанды облысы

07 қаңтарда күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: 07 қаңтарда күндіз көктайғақ күтіледі.

Ұлытау облысы

07 қаңтарда күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Шығыстан соғатын оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: 07 қаңтарда күндіз көктайғақ күтіледі

Астана

Астана қ.: 07қантарда күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысы

07 қаңтарда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 07 қаңтарда күндіз көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысы

07 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Ақтөбе қ.: 07 қаңтарда көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысы

07 қаңтарда Түркістан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, облыстың тау асуларында 23 м/с. Шымкент қ.: 07 қаңтарда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 07 қаңтарда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

07 қаңтарда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 07 қаңтарда күндіз кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан облысы

07 қаңтарда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 07 қаңтарда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысы

07 қаңтарда Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысы

07 қаңтарда Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ сақталады. Атырау қ.: 07 қаңтарда түнде және таңертең тұман сақталады.

Қызылорда облысы

07 қаңтарда Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың орталығында, батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с. Қызылорда қ.: 07 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.

Қостанай облысы

7 қаңтарда күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (көбінесе қар), облыстың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с. Қостанай: 7 қаңтарда таңертең және күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысы

07 қаңтарда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Ақтау қ.: 07 қаңтарда түнде кей уақыттарда тұман күтіледі

Жамбыл облысы

05-07 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 05-07 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 05 қаңтарда тәулік бойы, 07 қаңтарда күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 06, 07 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. 05 қаңтарда тәулік бойы, 07 қаңтарда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі.

Оқи отырыңыз: Жақын күндері қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир