Жаңбыр, найзағай, бұршақ: 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

meteovesti.ru
meteovesti.ru
Бірқатар өңірде жел соғады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» РМК 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қостанай облысы

4 қыркүйекте Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Жамбыл облысы

4 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 4 кыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 4 қыркүйекте таңертен және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с күтіледі. 4 кыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысы

3 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 3 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

3 қыркүйекте күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Петропавл қ.: 3 қыркүйекте күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысы

3 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыстқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. қ. Шымкент: 3 қыркүйекте оңтүстік-батыстан солтүстік-батыстқа ауысатын жел күтіледі, күндіз екпіні 15-20 м/с. қ. Түркістан: 3 қыркүйекте оңтүстік-батыстан солтүстік-батыстқа ауысатын жел күтіледі, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысы

3 қыркүйек Атырау облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

3 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 3 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысы

3 қыркүйекте Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 3 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 3 қыркүйекте түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астана

3 қыркүйекте кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысы

3 қыркүйекте Ақтөбе облысының батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысы

3 қыркүйекте Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 3-5 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 3-5 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысы

3 қыркүйекте Қостанай облысының басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында 15-20 м/с. Қостанай қ: 3 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысы

3 қыркүйекте Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 3 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 3 қыркүйекте найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Новости партнеров