Демалыс күндері ауа райы қандай болады

 Фото из открытых источников
Фото из открытых источников
Каспий теңізі аудандарынан келген циклон бүкіл республикадағы ауа райына әсер етеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 10-12 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Метеорологтар мәліметі бойынша, Каспий теңізі аудандарынан келген циклон бүкіл республикадағы ауа райына әсер етеді. Осыған байланысты солтүстікте, орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, дауыл болып, екпінді жел соғады.

«Батыста ауа температурасы түнде + 15+23 градус, күндіз +27+35 градус, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +10+20 градус, күндіз термометр бағаны +18+28 градусқа жетеді. Еліміздің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +12+21 градус, күндіз +18+33 градус, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнгі температура +15+25 градус, күндіз +27+38 градус болады», – делінген хабарламада.

Новости партнеров