Ауа райы: Қазақстанның 7 өңірінде аптап ыстық болады
matrica.kz
Ауа температурасы жоғары болғанымен, шомылуға әлі де ерте
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алдағы күндері еліміздің бірқатар аймақтарында аптап ыстық күтілуде. Яғни, ауа температурасы 42 ден 45 градусқа дейін көтерілмек, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазгидромет» мамандарының мәліметіне сүйенсек Атырау облысында 40 градус ыстық болып, жылдамдығы 15-20 м/секундқа жететін жел тұруы ықтимал. Ал, Қызылорда облысында осы күндері 47 градусқа барады. Сондай-ақ, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Алматы облыстарында да аптап ыстық болады делінген. Сынап бағанасы 42-ге дейін жетуі мүмкін. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары да күннің аптап ыстығына орай сақтық шараларын күшейтіп, тұрғындарға барынша ескерту жасап жатыр. Ал, ауа райын болжаушылар мұндай аптап ыстық әлі де қайталанады деп отыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
08.10.2026 12:00
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
07.10.2026 23:05
Сұлтан, Омар, Осман: Түркістан облысында үшем дүниеге келді
07.10.2026 19:39