Референдумға дейін:
19
күн
21
сағат
9
минут

12 желтоқсанда республика бойынша қай жолдар ашық, қайсысы жабық

Depositphotos
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

2025 жылғы 12 желтоқсанда сағат 07:00-де еліміздің бірнеше өңірінде республикалық маңызы бар жолдардағы қозғалыс қайта жанданды.

Алматы облысы

«Қонаев — Күрті» автожолының 0-67-шақырым аралығында барлық көлік түрі үшін жол ашық.

Қызылорда облысы

«РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1806-шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы — Қызылорда қаласы).

Ақтөбе облысы

«РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1153-1240-шақырым аралығы (Ырғыз ауылы — Қызылорда облысының шекарасы).

Көлік қозғалысын шектеу

Ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көрінудің төмендеуі) Жетісу облысында «Сарыөзек — Көктал» автожолының 40-68-шақырымында, Алтынемел асуы бағытында жүк және қоғамдық көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Барлық көлік түрі үшін жабылған жолдар

Ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі өңірлерде барлық көлік түрінің қозғалысы шектелді:

Жамбыл облысы

• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі, 159-238-шақырым, Кенен ауылы — Қайнар ауылы аралығы. Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

Жетісу облысы

• «Сарыөзек — Көктал» автожолы, 0-68-шақырым, Сарыөзек кенті — Алтынемел асуы;

• «Үшарал — Достық» автожолы, 84-164-шақырым, Көктұма станциясы — Достық станциясы аралығы.

Абай облысы

• «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолы, 778-967-шақырым, Аягөз қаласы — Қалбатау ауылы.

Маңғыстау облысы

• «Доссор — Құлсары — Бейнеу — Сай-Өтес — Шетпе — Жетібай — Ақтау» автожолы, 338-642-шақырым, Бейнеу ауылы — Шетпе ауылы;

• «Форт-Шевченко — Таушық — Шетпе» автожолы, 91-161-шақырым, Таушық ауылы — Шетпе ауылы.

Алматы облысы

• «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолы, 2295-2380-шақырым, Қаншеңгел — Құрты ауылы;

• «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолы, 2380-2436-шақырым, Құрты ауылы — Ақсай ауылы.

Павлодар облысы

• «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолында «Қалқаман» транспорттық айналымына кіретін учаске жабылды.

Оқи отырыңыз: Алматылық құтқарушылар бір түнде 100-ге жуық адамды құтқарды

 

Новости партнеров