Қазгидромет алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстанның бірқатар өңіріне оңтүстік циклон әсер етіп, жаңбыр жауады. 16-17 шілдеде солтүстікте, 17 шілдеде республиканың шығысында жел тұрып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
«Демалыс күндері солтүстік-батыс антициклонның жотасы еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райына ықпал етеді. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Ауа температурасының негізгі аясы: күндіз батыста +30+40°С, солтүстік-батыста +25+40°С, оңтүстік-батыста +36+45°С, оңтүстікте +33+42°С, оңтүстік-шығыста +20+35°С болса, еліміздің солтүстігінде + 24+33°С-тан +20+30°С-қа дейін, ортасында +27+38°С-тан +23+33°С-қа дейін, шығысында +21+33°С-тан +16+28°С-қа дейін төмендеуі күтіледі», - делінген синоптиктер хабарламасында.