31 желтоқсан сағ. 21:00-ден 1 қаңтар сағ.06:00-ге дейін Алматы қаласында қалың қар жауды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Көктайғақтың алдын алу мақсатында 174 құмшашқыштың күшімен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр. Сағат 06:00-дегі жағдай бойынша 2099 тонна материал пайдаланылды.
Қар қалыңдығы 15-20 см құрады.
Тротуарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті және жерасты өткелдерін тазалау жұмыстары жүргізілуде. Түнгі уақытта аталған жұмыстарға 462 арнайы техника мен 312 жұмысшы жұмылдырылды.
Таңнан бері қар тазалау жұмыстарын 512 арнайы техника мен 1280 жұмысшы жалғастыруда.
Аудандық әкімдіктер мен мердігер ұйымдарда жұмыстарды жүргізу бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес 1 қаңтар күні күндіз қалада ауа температурасы -2, -4°С құрайтын болады.