Жаңа жыл қарсаңында «Қауіпсіздік трамвайы» іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала тұрғындарын төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттандыру мақсатында Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Трамвай жолдары басқармасы» АҚ-мен бірлесіп «Қауіпсіздік трамвайын» іске қосты.
Бұл бағыт қала тұрғындарын әртүрлі бағыттар бойынша тасымалдай отырып, халықтың басым бөлігін қамтиды.
Трамвай жолаушыларына әртүрлі төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы, төтенше жағдайлардың алдын алу және өзін-өзі ұстау ережелерін үйрету бойынша қабылданған шара туралы хабардар етеді. Сонымен қатар тұрғындарға төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттердің алгоритмін көрсететін буклеттер мен жадынамалар таратылады.