Қазақстанның бірнеше облысында қар жауды
Tengrinews.kz
Карантиннің алғашқы күні Ақтөбеде де қар жауған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жауды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бүгін Қостанай облысында жаңбыр мен қар жауып, жел соққан. Желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жеткен. Синоптиктердің мәліметінше, жылы және салқын ауа массаларының соқтығысуына байланысты өңірде ауа райы бұзылған.
Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, облыста қар әлі де жалғасады.
Карантиннің алғашқы күні Ақтөбеде де қар жауған. 7 сәуірге қараған түні ауа райы бұзылған. Сондай-ақ, таяуда қалада жауын-шашын жауып, ауа температурасы төмендегені айтылады.
Батыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында да қар жауғаны айтылады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41