Үсік жүреді: Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды
atpress.kz
Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, ауа температурасы төмендейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазгидромет 7-9 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды, солтүстікте нөсер жаңбыр жауады. Тек оңтүстік өңірлерде ғана күн ашық болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
8-9 қыркүйекте түнде Қостанай облысында, 9 қыркүйекте Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градус үсік жүреді.
Республиканың батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы +5...+10°C, күндіз +14...+22°C, солтүстікте және орталықта түнде +2...+7°C, күндіз +13...+23°C, шығыста түнде +7...+12°C, күндіз +20...+25°C болады.
Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде сынап бағанасы +10...+15°C, күндіз +22...+27°C көрсетеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33