|
26.12.2019 | 13:01
1388

Тұман, көктайғақ: 26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан территориясының басым бөлігіне Атлант мұхитынан келетін антициклон әсер етеді, жауын-шашын болмайды

Тұман, көктайғақ: 26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы pixabay.com

Синоптиктердің болжауынша бүгін еліміздің кей жерлерінде бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Қазақстан территориясының басым бөлігіне Атлант мұхитынан келетін антициклон әсер етеді, жауын-шашын тоқтайды. Тек республиканың солтүстік және шығыс бөліктері әлі де фронталды аймақта болғандықтан кей жерлерде қар жаууы мүмкін. Республиканың кей жерлерінде тұман, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасындатып, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, түнде Павлодар облысында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Ақтөбе облысында жел тұрып, жылдамдығы 18 м/с жетеді. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде кей жерлерде тұман күтіледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир