|
11.04.2019 | 14:56
2113

15 сәуірге қарай су тасқынына қатысты жағдай тұрақталады - Владимир Беккер

За прошедшие сутки на территории республики подтоплений домов и дорог не зарегистрировано

15 сәуірге қарай су тасқынына қатысты жағдай тұрақталады - Владимир Беккер

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің бастығы Владимир Беккер 15 сәуірге таяу еліміздің барлық өңірінде су тасу жағдайына қатысты ахуал тұрақталатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз ары кеткенде бір аптаның ішінде барлық су тасқыны жағдайы аяқталады деп күтіп отырмыз. Менің ойымша, 15 сәуірге таяу бәрі қалпына келеді. Бұған дейін айтқанымдай, қазіргі таңда Ресей Федерациясымен Ертіс өзені арқылы шекараға дейінгі 90 шақырымда мұздың жиналуы байқалады. Десе де, ол айтарлықтай қауіп тудырады деп ойламаймын. Себебі, Шүлбі су қоймасы арқылы жіберіліп жатқан судың мөлшері азайтылды (тәулігіне 1500-ден 1299 текше метрге дейін). Десе де, жауын-шашын секілді мәселе туындауы мүмкін. Менің ойымша, сәуір айының 15-не қарай жағдай тұрақталады», - деді Владимир Беккер.

Комитет басшысы аталмыш мәселеге қатысты қорытынды баспасөз мәслихаты өткізілетінін, сол кезде табиғат сынағына қарсы қандай жұмыс жүргізілетіні туралы толық баяндалатынын хабарлады.

Еске сала кетсек, бүгінгі баспасөз мәслихатында Владимир Беккер барлық өңірлерде су деңгейі төмендеп жатқанын хабарлаған болатын.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир