|
31.01.2019 | 13:13
4274

Қапшағай трассасында ірі көлік апаты болып, жол жабылды

Қапшағай трассасында ірі көлік апаты болып, жол жабылды

Көлік жүргізушілері Қапшағай тас жолындағы көктайғаққа байланысты орын алған кептеліске жаппай шағым білдіруде, деп хабарлайды NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде жүргізушілер ірі көлік апаты орын алған тас жолдағы көктайғаққа байланысты наразылық білдіріп жатыр.

Көлік иелері «бетонкаға мұзды ерітетін арнайы заттарды шашпағанын жазуда.

Айта кетейік, бүгін аймақ тұрғындары Алматы-Қапшағай тас жолы ауа райына байланысты жабылғаны туралы хабарлама алған болатын.

Алматы облысы полиция департаменті Zakon.kz-ке аталған аймақ көктайғаққа байланысты жабылғанын растаған.

Полиция коммуналдық қызметтер жүргізіліп жатқанын, жолға арнайы заттардың себілетінін айта кетті.

Порталдың жазуынша, таңертең бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болған. Соның салдарынан бес көлік зардап шегіпті.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир